Бүгінде психология, дефектология және доула қызметтері Қазақстанда ерекше сұранысқа ие мамандықтардың қатарына енді. Олардың табысы қанша, бұл салаларда мамандар қандай факторлар арқылы табыстарын арттырады? Осы сұрақтарға жауап іздеп, әр сала өкілдерімен Massaget.kz тілшісі тілдесіп көрді.
Психология, әсіресе нейропсихология саласы, ата-аналар мен оқушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл саладағы табыс деңгейі туралы тәжірибелі және жеке жұмыс істейтін маман Бибінұр Ерғалиқызы ақпарат бөлісті.
Маманның сөзінше табыс деңгейі келесідей:
Бір сабақтың орташа құны: 4 500–7 000 теңге.
Бибінұр Ерғалиқызы табыстың өсуіне түрлі факторлар әсер ететінін жеткізді.
"Шетелдік және қазақстандық мамандардан үздіксіз білім алу, ата-аналарға арналған тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру, мамандардың жұмыс тәжірибесіне әсер етеді", - дейді маман.
Психосоматология – адамның физикалық және психикалық денсаулығының байланысын зерттейтін сұранысқа ие бағыт. Бұл сала мамандары да психологиядан алыс емес.
Олар бір сағаттық жұмысқа келесідей табыс табады:
Мамандардың табысы терапия әдістемесіне және клиенттермен жұмыс сапасына байланысты. Әр маманның өз тәсілі бар, бұл бәсекелестік ортада ерекшеленуге көмектеседі екен.
Доула - жүкті әйелдерге босануға дейін, босану кезінде және одан кейін эмоционалдық және физикалық қолдау көрсететін маман. Кейінгі кезеңде етек жайып келе жатқан қызмет түрі үшін мамандар жақсы қаражат алады екен. Егжей-тегжейлі Доула орталығының қызметкерлері баяндады.
Табысы бірнеше факторға тәуелді:
Табыс диапазоны: 500–2 500 АҚШ доллары (шамамен 230 000–1 150 000 теңге).
Қазақстанда дефектолог мамандары ерекше балалармен жұмыс істейді және олардың табысы сұранысқа сәйкес өсіп келеді. Бұл сала жайлы ақпаратты интернет деректерін талдау арқылы жинадық.
Бір сабақтың орташа құны: 5 000–10 000 теңге.
Бұнда да маманның тәжірибесі мен жан-жақтылығы жоғары бағаланады.
Доула, дефектолог және психолог мамандықтары тек қаржылық тұрақтылық әкеліп қана қоймай, қоғам үшін маңызды рөл атқарады. Бұл мамандықтардың табысы білім, тәжірибе және қызмет аясын кеңейтуге байланысты өсіп отырады. Егер сіз осындай сұранысқа ие маман болуды жоспарласаңыз, біліктілікті үнемі жетілдіруді ұмытпаңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!