- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сұрақтарын "бір жеріне"...
"Сұрақтарын "бір жеріне" тығып қойсын". Басы дауға қалған Щучинск әкімі қызметінен кетті
Басы дауға қалған Щучинск әкімі Олжас Нұрмағамбетов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Бурабай аудандық әкімдігі мәлімдеді.
"Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қазандағы шешімі негізінде Бурабай ауданы әкімінің 2023 жылғы 2 қазандағы өкімімен Бурабай ауданы Щучинск әкімі Нұрмағамбетов Олжас Байболатұлының өкілеті тоқтатылды.
Щучинск әкімінің өкілетін тоқтату туралы шешім Олжас Нұрмағамбетовтың жеке өтініші негізінде қабылданды. Бүгін аудан әкімі А.С. Садықов Олжас Байболатұлына Щучинскінің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Щучинск әкімі Олжас Нұрмағамбетов аудан әкімдігінің Instagram-парақшасынан тікелей эфирге шыққан еді. Ол жарты жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген.
"Баяндамасын оқып болған әкім тұрғындардың эфир барысында қойған сұрақтарына жауап бермей, жай ғана қош айтысқан. Сосын "Сұрақтарын ... (бір жеріне) тығып қойсын" деп айтқан.
Желіде әкімнің жанындағы қыз эфирді өшіруге тырысып, жанталасқан видео үзінді тарады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек