“Сұрақ қойған депутаттың өзі өкініп отыр“. Министр Әлназарова Қошановтан сөз естіп қалды

Фото: Видео кадры

Мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан сөз естіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы жөнінде баяндама жасады. 

Депутат Айдос Сарым министр Әлназароваға денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруға қатысты сұрақ қойды.

Министрдің жауабынан кейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ескерту жасады.

"Сұрақ берген депутаттың өзі сұрақ бергеніне өкініп отыр. 10 минут жауап бердіңіз. Ақмарал Шәріпбайқызы, нақты сұрақ болды. Денсаулық сақтау саласындағы цифрландырудың стратегиясы қандай деген. Қысқа да, нақты жауабыңызды беруіңізді сұраймыз", - деді Қошанов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова