- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сұраған да жоқпыз"....
"Сұраған да жоқпыз". Әнші Өмірқұл Айниязов келінін өзі таңдағаны рас па?
Қазақстандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов ұлы мен келіні қалай танысқанын айтып берді. Өнер иесі перзенті шаңырақ көтермей тұрып, оған өмірлік жарын өзі таңдап беретінін айтқан еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен сөзімде тұрып, бір-екі досымның қызын көрсеткенмін. Біреуі Шымкентте, біреуі Әлжан деген досымның қызы. Бірақ сезімі басқаша болған шығар. Бір күні ұлым Семейге досының тойына барды. Сол жерде досының қарындасымен танысып, ұнатып қалыпты. Екеуі екі жылдай жүріп, үйленуді шешті. Біз қарсы болған жоқпыз. Біреулер секілді қай жердің қызы, отбасы қандай деп сұраған да жоқпыз. Ұлым жақсы көріп тұрған соң, батамызды бердік", - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина