Супермаркеттен 44 192 теңгенің затын ұрлаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы Алматы ауданы ПБ-ның полицейлері жалпы құны 44 192 теңге тұратын ұстараның ауыстыру қосалқы бөлшегін ұрлаған 27 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері оқиға орнын қамтып тұрған бейнебақылау камерасындағы жазбаны қарап, жасалған ұрлық сәтін жазып алған.
Нәтижесінде, бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасаған ер адам анықталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді.
Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полиция департаменті сауда орталығындағы саудагерлерге қырағы болуды және дүкендерде ұрлыққа қарсы шаралар кешенін орындауды назарға алуды ұсынады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз