Кейбір азық-түліктерді базар немесе супермаркеттен сатып алу қауіпті болуы мүмкін. Өйткені, сырт келбеті ешқандай күдік тудырмағанымен, құрамы зиян өнімдер де бар. Мысалы, піспеген сүт. Дәрігер Райан Куок Ле мұның себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "HuffPost" сілтеме жасап.
"Кейбір адамдар шикі сүт денсаулыққа ерекше пайдалы деп санайды, бірақ мұның бәрі тәуекелге бәс тігу, өйткені піспеген сүтте көптеген патогендік мик рорганизм бар", - деді доктор Райан Куок Ле.
Сонымен қатар, маман супермаркеттердің аспаздық бөлімінде сатылатын туралған көкөніс секілді дайын тағамдарды сатып алмауға кеңес берді.
"Алдын ала туралған, дайын тағамдарды шикі түрде жесеңіз, бұл микробиологиялық тәуекел", - деді сарапшы.
Райан Куок Ле супермаркеттерде дайындалған тағамдар зауыттық қаптамадағы тағам сияқты қатаң бақылауда болмайтынына сенімді.
Бұдан бөлек, дүкен, базар не супермаркетте барлық ереже сақталса да, басқа сатып алушылардың қолы жуылғанына, түшкірмегеніне кепілдік жоқ. Алайда сарапшы тағамның қажетті температура сақталмаған деп санайды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз қашаннан бері тойланады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!