Фотоаппарат ретінде де қолдануға ыңғайлы смартфондар мен планшеттердің зум нұсқалары көптеп шығарылып жатқанымен, Canon секілді компаниялар өз бизнесінің жүрмей қалуы туралы еш уайымдап көрмеген. Осыған орай, жапонның беделді фотокамера өндірушісі өзінің жаңа зум модельдерін ұсынып отыр. Олар – PowerShot SX400 IS және PowerShot XS520HS фотоаппараттары.
Ықшам фотоаппараттардың кішісі (SX400 IS) 250 АҚШ долларына бағалануда. Ол 16-мегапиксельді CCD картасымен, DIGIC 4+ чип көрсетілімі және 30 қысқа оптикалық зуммен, сондай-ақ, Canon компаниясының креативті идеясы болған, тұтынушылардың қиынын жеңілдететін негізгі «Smart Auto» функциясымен жабдықталған.
Ал SX520 HS нөмірлі екінші фотоаппараттың құны 400 АҚШ долларын құрап отыр. Мегапикселі алдыңғысымен бірдей, ал оптикалық зумы 42 есеге ұлғайған. Өте жылдам автофокус және әмбебап тұрақты жүйемен қамтылған. Жаңа PowerShot жуырда нарыққа шығады. Нақтылап өтсек, SX400 IS ағымдағы жылдың тамыз айында, ал SX520 HS қыркүйек айында сатылымға шығады деп күтілуде.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: 24life.ru