- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сұмдық жайт болды"....
"Сұмдық жайт болды". Қайрат Түнтеков өнерде біреулер жолын кескенін айтты
Танымал әнші Қайрат Түнтеков "Qazaq Airan" Youtube-жобасына берген сұхбатында билік тұтқасын ұстаған адамдар өнерде жолын бөгегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда әнші жолын жапқан адамдардың кім екенін білмейтінін мойындады.
"Өнерде жолымды бөгеген, эфирге шығуыма кедергі болған билік тұтқасын ұстаған адамдар болды, бірақ аты-жөндерін өзім де білмеймін. Ашық қысым болмады, қысым теледидар арқылы жүрді. Бұл ақпараттық қысым ғой, маған сол өте ауыр тиді, былай артымнан ешкім қуып, айтқанымен жүргізбеді. "Сен үйтпе, бүйтпе" деп ешкім айтқан емес. Мүмкін араға біреуді қосқан да болар, бірақ мен ол туралы білмеймін.
Мысалы, жол апатына түскен кезімде бүкіл телеарнадан сұмдық бір оқиға болған сияқты көрсетті ғой. Ондай сұмдық жайт болды деп айта алмаймын, аллаға шүкір, ешкім зақым алған жоқ, бақилық болған жоқ. Бірақ соның өзін үлкен мәселе етіп көрсетті. Арасында қаншама депутат ағамыз сөйледі, мүмкін біреулерге осы керек болған шығар", - деді Қайрат Түнтеков.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ортаншы бала синдромы деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә