- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сұмдық! Бірнеше жыл...
Сұмдық! Бірнеше жыл бойы су ішпеген қыздың бүйрегінен 300-ге жуық тас табылды
20 жастағы Тайвань елінің азаматшасынан бүйрегінен 300-ден астам тас алынып тасталды. Белі ауырып, температурасы жоғарылаған қыз дәрігерлерге жүгінген. Сараптамадан кейін қыздың бүйрегінде ірі көлемде тас бар екені анықталған. Дәрігерлер дереу ота жасап науқастың бүйрегінен тастарды алып тастады. Отадан кейін қыз бала дәрігерлерге бұрыннан тек танымал көпіршікті шай ішкенін және суға немқұрайлы қарайтынын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Тайнань қаласындағы Чи Мэй медициналық орталығының суреті. Дереккөз: https://www.chimei.org.tw/
Тастар тоқаш сияқты
Науқасқа бірден жіберілген ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері дәрігерлерді қатты таң қалдырды. Оң бүйректің мөлшері ұлғайтылғаны аныталған. Артынша сол бүйректегідей 5 мм-ден 2 см-ге дейінгі 300-ге жуық тастар табылды.
"Тайнань қаласындағы Чи Мэй медициналық орталығының емдеуші хирургі Лин Цаянның айтуынша, тастар жылтыратылған тегіс, әрі буға пісірілген тоқаштарға ұқсайды екен. Науқасқа тері арқылы нефролитотомия жасалды. Бұл әдісте тастар арқа терісі мен бүйрек арасындағы аралықты кесу арқылы ең жақсы құралмен жойылады", - деп хабарлады The Mirror.
Тайнань қаласындағы Чи Мэй медициналық орталығының суреті. Қыздың бүйрегіндегі тастар осылай көрінді. Дереккөз: https://www.chimei.org.tw/
Дәрігерлер қыздың қантты көпіршікті "бабл-ти" шайларына (бұл сабан арқылы ішетін тапиока шарлары қосылған көбікті шай сусыны), жеміс шырындары мен алкогольге шамадан тыс құмар болуынан бүйрек тастарының көп мөлшері пайда болды деп болжады. Қыз көптеген жылдар бойы су ішпейтінін мойындады.
"Сірә, бұл созылмалы дегидратацияны тудырды. Бұл зәрдің шоғырлануы және оның құрамындағы минералдар кристалданып, тастар түзетін жағдай", - деп түсіндірді дәрігерлер.
Неліктен бүйректе тастар пайда болады?
Көбінесе бүйрек тастары 40-50 жастан асқан ерлерде кездеседі. Тастар адамға ешқандай ыңғайсыздық тудырмай ұзақ жылдар бойы өсе алады. Бүйректе тастар пайда болған белгі зәрдің түсінің өзгеруі, температураның жоғарылауы, жүрек айнуы мен құсу, жиі зәр шығаруға деген ұмтылыс, ауырсыну және дәретханаға барғаннан кейін жеңілдеудің болмауы секілді әдеттерден аңғарылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Зинешов