Танымал әнші, қазақ эстрадасында жүріп сұлулықтың символына айналған Мәдина Сәдуақасова 45 жасқа толған туған күнін тойлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жаңа суреттер жариялады.
Мәдина Сәдуақасованың туған күні 8 қырқүйек күні болған. Ол жаңа жасын фотосессия алаңында қарсы алыпты.
Кейін тұлпармен түскен суреттерін желідегі парақшасына жүктеген әнші: "Осы ғой, бағым бес елі,
Самғатқан шаттық шырайын.
Дəл осы ұлы бақытты,
Əркімге берсін Құдайым!
Қош келдің, жаңа жасым!" деген жазба қалдырған.
Ол сонымен қатар туған күнінің құрметіне әлеуметтік желідегі оқырмандары арасында сыйлық ойнатып жатыр.
"Аттының несібесі сегіз. Күшті күннің құрметіне 5К-лардан шашу. Суретке өзің ат қой!" деп жазды ол.
Еске салайық, жақында Мәдина Сәдуақасова әлі кәмелеттік жасқа толмаған ұлының туған күніне су жаңа көлік сыйлаған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз