- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сұлулық салонына барған...
Сұлулық салонына барған көкшетаулық тұрғын мерт бола жаздаған
Сұлулық салонына барып, плазмолифтинг процедурасын жасаған көкшетаулық тұрғын Оксана Данилова мерт бола жаздаған. Бұл туралы әйел адамның өзі sinegor.kz-ке айтып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйел адамды сұлулық салонынан жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен. Әйел адам косметолог салған уколдан кейін Квинке ісуі пайда болып, құлақтың артындағы тыртықтан қан кеткен. Абырой болғанда, көкшетаулық тұрғын аман қалған.
Оксана қандай укол салынғанын әлі де анықтай алмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиға былтыр 17 қазанда болған. Алайда әлі кұнге дейін ешкім жазаланбаған. Әйел адамның сөзінше, тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданбай отыр. Сондықтан Оксана басынан өткен оқиғаны әлеуметтік желі арқылы жеткізбек болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина