Сұлулық салонына барып, шаш, маникюр не басқа процедура жасату көп жағдайда сәтті бола бермейді. Кейде тұтынушыларға қызмет сапасы ұнамауы мүмкін. Massaget.kz тілшісі қызмет сапасына көңілі толмағандарға тұтынушылардың қандай құқығы барын түсіндірді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңда бұл жағдайлар қарастырылған.
Егер сұлулық салондарында шаш бояғаннан кейін тұтынушы қалағанындай болмай қалса, қас пішіні екітүрлі, ал гель-лак үш күннен кейін түсіп қалса, қызмет сапасына шағым білдіре аласыз.
Осы заңның 15-бабына сәйкес, тұтынушы:
Егер қызмет сапасының нашар екенін үйіңізде білсеңіз, онда қолыңыздағы дәлелдемелермен салон әкімшілігіне барып, қызметті қайта көрсетуін не сапасыз қызмет сомасын өндіріп ала аласыз.
Ол үшін салон әкімшілігіне наразылық хатын жазыңыз. Әкімшілік 10 күн ішінде жауап беруі керек. Соманы қайтару туралы келісім болған жағдайда, 3 күн ішінде қаражат қайтарылуы керек.
Егер процедурадан кейін инфекция қанға өтіп кетсе, филлер не басқа аппараттар дұрыс егілмесе, күйіп қалсаңыз, онда денсаулығыңызға зиян келтірілді.
Бұл жағдайда не істеу керек?
Заңның 16-бабына сәйкес, тұтынушылар көрсетілетін қызметтің кемшілік салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды толық көлемде өтеп алуға құқылы.
Бірақ салонға тіпті жай ғана шаш боюға барсаңыз да, салонның сақтық шараларына назар аударыңыз. Кей процедуралардан кейін уақытша жағымсыз эффект пайда болуы мүмкін. Мұны маман алдын ала ескертуі керек.
Біріншіден, егер процедура қандай да бір химиялық элемент арқылы жасалса, аллергияға сынама жасауыңыз керек, сонымен қатар, маманға аллергияға қандай реакция барын айтуыңыз керек.
Сондай-ақ, салондағы құралдардың залалсыздандырылғанына назар аударуыңыз керек. Ол үшін кем дегенде арнайы дезинфекциялық жәшіктер болуы керек.
Ең бастысы, маманның лицензиясына назар аударыңыз. Маманда қызмет түріне берілетін лицензия не тиісті сертификат болуы керек. Күрделі немесе хирургиялық процедураларды әдеттегі сұлулық салондарында емес, мамандандырылған клиникаларда жасаңыз.
Құқығыңызды қорғау үшін қандай дәлелдер жинау керек?
Өтініш беру үшін мынадай дәлелдемелер қажет:
Қайда жүгінуге болады?
Егер қиындық туындаса және Сізге қандай да бір зақым келсе немесе сіз бұл процедураға мүлдем риза болмасаңыз, қызметті дәл осы салонда алу дерегін жазып алуыңыз керек. Яғни, сіз төлеген процедуралар үшін чек алыңыз. Содан кейін салон басшылығына жазбаша шағыммен жүгіне аласыз.
Заң бойынша, шағым қабылданып, 10 күн ішінде жауап қайтарылуы керек. Егер ондай болмаған жағдайда, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіне аласыз.
Тұтынушылық құқықтар бұзылған жағдайда шағымды E-tutynushy онлайн-сервисінің көмегімен беруге болады. Комитет мамандары азаматтарға тегін "жедел желі" телефондары бойынша кеңес береді.
Бұдан басқа төмендегі сілтемелер арқылы жүгіне аласыз:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!