- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сұлулық әлемді құтқарады,...
Сұлулық әлемді құтқарады, ал оған жеке кәсіпкерлерге арналған мобильді банкинг көмектеседі
Әрбір бизнестің шарықтайтын да, құлдырайтын да кездері болады, ал оның табысты болуы көп жағдайда бизнес иесінің ептілігіне байланысты болса керек.
Наталья Рустамбекова – кездескен қиындыққа берісе қоймайтын жандардың бірі. Оның шағын сауда бөлімі ірі сауда үйлерімен және супермаркеттермен бәсекелестікті көтермей, кірісін жоғалтқан кезде де ол мойынсынбады. Тіпті күнелтуге қажетті қаражаты қалмаған кездер де болды. Әйтсе де қарағандылық келіншек beauty-индустрияда еңбек етіп жүрген өзге адамдардың тарихымен жігерлене отырып, сауда-саттық саласында кәсіпкерлікпен айналысу және белгілі ресейлік брендтің косметикасын тарату жөнінде батыл шешім қабылдады. Іс жүріп кетті.
- Менің бизнесім шағын болғанымен толыққанды бизнес. Менде тек офис пен өнімдерге арналған қойма ғана емес, менің біртұтас командам бар. Қазір біз бір-бірімізге өте мұқтажбыз – бизнесте өзара қолдау көрсету, тіпті қажет кезде жылы сөздің өзі де керемет күш береді, - деп әңгімелейді Наталья.
Наталья – жеке кәсіпкер және нағыз бизнес-леди, сол себепті ол ақшаны басқару қажеттілігімен күнделікті кездесіп отырады. Бір кездері ол АТФБанктен кредит алып, оны баяғыда өтеп тастаған екен. Әйтсе де ол банктен толығымен «қол үзбепті», бүгінгі күні де өзінің барлық қаржылық мәселелерін банктің көмегімен шешуін жалғастыруда.
- Наурыз айының бас кезінде мен ATFBusiness жаңа мобильді қолданбасы жөнінде хабардар болдым, осы тұста мен өзімнің дербес менеджерім Еленаға алғысымды білдіргім келеді. Елена маған барлық өзіме қажетті қаржылық операцияларды өзіме қолайлы кез келген уақытта банкке келмей-ақ жасай алатыным жөнінде әңгімелеп берді! Енді мен қолданба арқылы ақшаның шотқа қашан және қандай сомада түскенін өзім қадағалайтын боламын. Ал бұрын мұның бәрін білу үшін менеджерге қоңырау шалу не whatsApp желісіне жазу қажет болатын. Әрине, Елена маған ылғи жауап қайтаратын, әйтсе де мұның көп қолайсыздық келтіретінін түсінесіз ғой: адамның өз жұмысы басынан асады, ал сен болсаң оған қоңырау соғып мазасын аласың. Өзім қатты ыңғайсызданатынмын, бірақ жұмыс та күтіп тұрмайды. Енді ATFBusiness арқасында өз қаржылық мәселемді өзім шешетін жағдайға жеттім.
Наталья банкке көп келмейді, өзінің чек кітапшасын ұмытып та қалған. Енді ол үйінен немесе жайлы офисінен шықпай-ақ, өз қаражатын өзі басқарады. Бар болғаны бірнеше түртіп, ақшасын да аударады, салықты да төлейді, тіпті шоттары бойынша үзінді көшірмелер мен өзіне қажет банк анықтамаларын алады.
- Маған бұрын мобильді қолданбалар өте күрделі және озық ойлы жастарға ғана арналған сияқты көрінетін. Алайда іс жүзінде ATFBusiness қолданбасын пайдалану өте оңай болып шықты. Мен 59 жастамын, әйтсе де оны жүктеуді, орнатуды және пайдалануды тез меңгеріп алдым. Тіпті өзімнің «біліксіз» екендігімді сезініп үлгермедім, - дейді Наталья жымиып.
Пандемия мен төтенше жағдай режиміне қарамастан оның бизнесі зардап шекпеді. Бұл басынан дұрыс жолға қойылған жұмыстың нәтижесі. Ал қалада тұратын келіншектердің көпшілігі өз әдемілігі үшін жанын қиюға бар емес пе?! Сондықтан косметикаға тапсырыс беру және оны жеткізу толассыз жүруде. Наталья бұл жәйтті ең басты мәселе деп санайды, ал қалған жағдайда оның тамаша жетістіктерге жетуіне ATFBusiness мобильді қолданбасы көмектеседі.
Серіктес материалы
Massaget