Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Massaget.kz редакциясына сұхбат беріп, Қонаев қаласындағы ойынханаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, казино - туристер үшін істелген.
"Ол біздің қаланың туристер үшін тағы бір тартымдылығы. Жастар мен казиноны байланыстыру туралы айтсақ, лудомания деген казиноға бармай-ақ онлайн лудоман болып та кетуі мүмкін. Жастардың тәрбиесі мен азаматтық көзқарасына байланысты.
Казиноға қалталы азаматтардың кіруіне ғана рұқсат бар. Жай студент немесе қарапайым азаматтар ол жерге кіре алмайды. Егер адам лудоман болса ол казиноға кіргізілмейді. Себебі казиноға кіретін әр адам есепке алынады. Былтыр есіңізде болса мемлекеттік қызметте істейтін адамдар казиноға барған деген ақпарат тарады. Себебі бәрі есептеліп тұрады. Мемлекеттік қызметкерлерге кіруге тыйым салынған", - дейді әкім.
Жаңадан құрылған Алатау қаласының басқа қалалардан ерекшелігі неде?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!