Атырауда бір отбасын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісіне қатысты апелляция болмайды. Процеске қатысушылардың ешбірі үкімге шағым түсірмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атышулы сот ісіне қатысушылардың ешбірі - прокурор да, жәбірленуші тарап та, сотталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның адвокаты да бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымданбағаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі растаған.
Осылайша, 14 шілдеде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкім заңды күшіне енді.
Tengrinews.kz
Айта кетейік, сот оны әйелінің төрт туысын асқан қатігездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова