Сұлтан Сәрсемәлиев сотта соңғы сөзін айтты

Сұлтан Сәрсемәлиев сотта соңғы сөзін айтты
Фото: Tengrinews.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

9 шілдеде сотта тараптардың жарыссөзі басталып, прокурорлар айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Ол өзінің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға 2025 жылдың аяғында Атырау облысының Жангелдин ауылында болған.

Сотта Сұлтан Сәрсемәлиев кез келген жазаны, соның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге дайын екенін айтты. Алайда ол бұл ауыр қылмыс "пайдакүнемдік ниетпен" жасалды деген айыптау тұжырымымен келіспейтінін айтты.

"Қолыммен істегенді басыммен көтеруге дайынмын. Тергеуден қашқан жоқпын және әділдік алдында жауапкершіліктен де қашпаймын. Өмір бойына бас бостандығынан айырылуға дайынмын. Бірақ оларды ақша үшін немесе басқа қылмысты жасыру үшін өлтірдім деп айтуға ешқашан аузым бармайды", - деді Сұлтан Сәрсемалиев.

Tengrinews.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget