Атырау облысының әкімдігі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына бюджеттен қанша теңге жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, облыста Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына шаралар жоспары құрылған. Шаралар мамырдан бері жүргізіліп жатыр екен. Ең алдымен, Астана мен Түркістанда "Бейбарыс" қойылымымен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының гастрольдері өткен.
Қыркүйекте Сұлтан Бейбарыстың портреті мен оның дәуіріне арналған кездесулер мен кештер өтеді. Қазан айында облыста республикалық айтыс, Дешті Қыпшақ даласынан Бейбарыстың шығу тегі туралы ғылыми-практикалық конференция, жергілікті суретшілердің симпозиумдары, сондай-ақ Мысырдағы облыстық театрдың гастрольдері жоспарланған.
"2023 жылға Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын мерекелеу аясында іс-шаралар өткізу үшін 183 863 450 теңге бөлінді. Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады", - деп хабарлады облыс әкімдігінің мәдениет басқармасы.
Сондай-ақ, Атырау облысының мәдениет басқармасы өкілдері Бейбарыс Сұлтанның өңірмен қалай байланысты екенін түсіндірді. Тарихшылардың зерттеулері Мысырдағы болашақ билеушісі Еділ мен Жайық өзендерінің арасында орналасқан қыпшақ даласында дүниеге келгенін көрсетеді. XIV ғасырдағы Мысыр ғалымы тарихшы Әл-Айни "Икду әл-Жұман Фи тарих аһл әл-азман" атты еңбектерінде Бейбарыс пен Абдулла түркітілдес қыпшақ ұлтының Беріш тайпасына жататыны жазылған. Бейбарыстың шығу тегін Әл-Айнидің еңбектеріне сүйене отырып, қырғыз-қазақ халқының тарихына арналған өз материалдарында Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаев дәлелдеген екен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!