ІІМ Алматыда биіктен құлап, көз жұмған оқушылардың телефонын тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл басынан бері министрлік 22 мыңға жуық заңсыз жұмыс істеген шетелдік интернет-ресурсты анықтап, бұғаттау үшін тиісті мәліметті уәкілетті органға жіберген.
Полиция өзіне қол салған оқушылардың телефонын тексеріп жатыр.
"Алматыда өзіне қол жұмсаған екі жасөспірімге қатысты олардың телефондарына тексеру жүргізді, суицид ойынына қатысу фактісі анықталмады. Қазіргі таңда өшірілген хат алмасулар мен қолданбаларды қалпына келтіру үшін телефонға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 16 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың мәйіті табылған еді. Қайғылы оқиға Алмалы ауданында болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз