- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сұхбат үшін Роза...
Сұхбат үшін Роза Рымбаева 5 мың, Төреғали Төреәлі 4 мың доллар гонорар сұрайды. Қаншалықты рас? Тексердік!
Ел арасында өнер иелерінің тойдағы гонарарынан бөлек, сұхбат беру үшін ақша сұрайтыны туралы қауесет тарады. Бұл туралы "Жаңа қадам" бағдарламасында айтылған. Бұл қаншалықты рас ақпарат? Massaget.kz тілшісі арнайы өнер иелерінің өкілінен сұрап білді.
Ел арна телеарнасындағы "Жаңа Қадам" бағдарламасында әншілердің сұхбаттан жалыққаны, тіпті ол үшін гонарар сұрайтыны айтылған еді. Ақпарат желіде қызу талқыға түскен соң біз арнайы өнер иелерінің өкілдеріне хабарластық.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның өкілі Азамат бұл ақпарат жалған екенін алға тартты.
"Сұхбатқа 5 мың доллор сұрайды дегені өтірік ақпарат. Ал мерекелік бағдарламаларға гонарар сұраймыз. Себебі ол жерде ақша бөлінеді әртістер тегін бара бермейді. Бірақ 5 мың доллар емес. Ол өтірік асыра жазып жіберген", - дейді әншінің өкілі Азамат.
"Диета KZ" тобы қоғамдық бағдарламаларда ақша сұрамайтынын айтты. Ал әнші Нұрболат Абдуллиннің өкілі бұл ақпаратты көрмегенін жеткізді.
"Осы уақытқа дейін қаншама бағдарлама түсірілімдерге, сұхбаттарға қатыстық. Ешқашан гонорар алған емеспіз. Оны бізден сұхбат алған тілшілерден немесе бағдарлама продюсерлерінен сұрап көрсеңіздер болады. Бағдарламаның да қатысатын, қатыспайтыны болады. Оның үстіне өз рейтингтері үшін пайланатын бағдарламалар да бар. Кез келген адам шақырылған жерге барсам ба, бармасам да ойланады. Бәрінің көңілін тауып жүру мүмкін емес", - дейді.
Әнші Төреғали Төреәлінің өкілінен "бұл ақпарат рас па?" деп сұрағанымызда жауап беруден бас тартты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы