- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Суға түсіп кеткен...
Суға түсіп кеткен iPhone-ды күрішке салып кептіруге бола ма?
Apple компаниясы суға түскен iPhone-ға күтім жасау бойынша ұсыныстарды жаңартты. Apple мамандары смартфонды желіде белгілі әдістермен кептіруге тыйым салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Life"-ке сілтеме жасап.
Мамандар су кіріп кеткен смартфонды құтқару бойынша нұсқаулық жазды. Ондағы бір пункт желіде кең тараған әдістерге арналған. Мамандар бұл әдістерді қолдануға тыйым салды. Мысалы, суға түсіп кеткен смартфонды күріші бар қапқа салуға, оған ауа желдетуге немесе тесіктеріне тіс тазартқыш, мақта таяқшалар және басқа да заттарды тығуға болмайды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай агрессивті әдістер құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Оның орнына артық ылғалды кетіру үшін смартфонды ажыратпасын (разъем) төмен қаратып, қолыңызға жайлап соғыңыз. Содан соң iPhone-ды жақсы желденетін құрғақ жерге шамамен бір тәулікке қалдырыңыз. Бұл уақыт аралығында оны зарядтап көріңіз және оның жарамдылығын тексеріңіз. Егер сонда да iPhone қосылмай қойса, мамандар көмегіне жүгініңіз.
Оқи отырыңыз: Баланың алғашқы телефонын неше жаста алып берген дұрыс?
А. Жапатова