Суға батқан адамдарды құтқарған екі жігітке 5 млн теңгеден берілді

Бұқар жырау ауданының әкімі Кобжанов Нұркен Сайфиддинұлы Оразалы Асылханов пен Думан Кәкеновты әкімдікке шақырып, ерлігі үшін 5 миллион теңгемен марапаттады.

Оразалының анасы Сәуле әкімдік ұлын шақырып диплом және ақшалай марапаттағанын айтты.

"Қазір ұлым үйде. Денсаулығы жақсы. Бірақ өкпенің екі жақты қабыну диагнозы қойылған. Емделіп жатыр. Осы оқиғадан кейін Бұқар жырау ауданының әкімі Нұркен Сайфиддинұлы шақырып 5 миллион теңгемен марапаттады", - деді ол.

Оразалы Асылхановпен бірге адамдарды жағалауға шығаруға көмектескен Думан Кәкеновқа да 5 млн теңге берілген.

"Екі әйел мен екі жас баланы құтқару кезінде батырлық танытқан жерлестеріміз, Ғ.Мұстафин кентінің тұрғындары Оразалы Асылханов пен Думан Какеновке құрмет көрсеттік.   
Қарағанды облыс әкімі тапсырмасы бойынша әрқайсысына 5 млн теңгеден ақшалай сертификаттарды табыстадым. Белсенді азаматтық ұстанымы мен қайғылы оқиғаның алдын алған батылдылық үшін алғысымды білдірдім", - деп жазды Бұхар жырау әкімі.

Айта кетейік, 28 қарашада Қарағанды облысындағы Ғабиден Мұстафин ауылындағы Нұра өзенінің үстімен өтпек болған машина суға кеткен. Көліктің алдында отырған жолаушы Оразалы Асылханов ерлік жасап, төрт адамды ажалдан арашалап қалған болатын.

@massaget.kz #оразалы#асылханов#жігіт#қарағанды#облысы#көлік#апат#мұз#Нұра#караганда#казахстан#қазақстан#рек#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz