Суды ысырап еткендерге айыппұл мөлшері артады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Суды ысырап етіп, ресурсты пайдалануды бұзғандарға айыппұл көлемі 5 есе ұлғаяды.
Заң жобасына тиісті түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі дайындады. Осылайша су объектілерін қолдануға арналған тыйым белгілерін жойғаны және оны заңсыз иеленгені үшін жеке тұлғаларға 5-тен 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 мың теңге айыппұл салынады. Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіп иелері үшін оның көлемі 300 айлық есептік көрсеткіш болмақ. Сондай-ақ, суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін де жауапкершілік артады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10-нан 50, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!