“Суды бояп тастаған“: Алматыдағы субұрқақтың видеосы қызу талқыға түсті

“Суды бояп тастаған“: Алматыдағы субұрқақтың видеосы қызу талқыға түсті
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Бостандық ауданында орналасқан субұрқақтардың біріндегі су көгілдір түске "боялғаны" туралы видео тарады. Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікіо білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода "Атакенттегі" субұрқақ бейнеленген. Видео авторы жұмысшыларың қоңыр түсті суды көк түске "бояғанына" наразылық танытты. 

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Онда қазір қалада субұрқақтарды санитарлық және техникалық жағдайға келтіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқаны түсіндірілді.

"Субұрқақты тазалау, жабдықтарды баптау, сондай-ақ судың көгеріп кетпеуі және санитарлық қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы реагенттермен өңделіп жатыр", — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мамандар суға көк түсті мыс купоросы негізіндегі реагенттер беруі мүмкін екенін түсіндірді. Сонымен қатар, бұл заттардың рұқсат етілген концентрацияда қолданылатыны және белгіленген нормаларға сәйкес келетіні айтылды.

Еске салайық, Алматыда мамырдың басынан бастап қалалық субұрқақтар кезең-кезеңімен іске қосыла бастайды. Осы маусымда барлығы 55 коммуналдық субұрқақ кешені, оның ішінде 11 "құрғақ" субұрқақ жұмыс істейді деп жоспарланған.

Субұрқақтар 1 қазанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте олардың жұмысы ауа райы жағдайына байланысты болады – температура +5 градустан төмендеген кезде жұмыс уақытша тоқтатылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget