Судан әскері мен жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыстар кезінде Хартум әуежайында Біріккен Ұлттар ұйымына тиесілі ұшақ жойылды, - деп хабарлайды бірқатар БАҚ Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна эфирінде көрсетілген кадрларда ұшақтың фюзеляжының өртеніп кеткенін байқауға болады.
Бұған дейін Судан әскері мен жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелері Хартумнан оңтүстікке қарай елдің әуе күштерінің штаб-пәтерінде қақтығысқа түскені туралы хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!