- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Субсидия алу үшін...
Субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық - Тоқаев ауыл шаруашылығы саласы жайында
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп саласындағы мәліметтерді бұрмалау саладағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отырғанын мәлім етті. Президенттің мәліметінше, арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отыр. Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтады. Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды. Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ал мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек", - деп атап өтті ол.
Атап өтейік, 2023 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы субсидияларын ұрлағандар қазынаға 2 млрд 600 млн теңге залал келтірген. Бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдынала есептеулері. Бүгінде мемлекетік қолдауды қолды қылу бойынша Антикорда бақандай 54 қылмыстық іс жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді.
Отырыс Астанада өтіп жатыр.
Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады. Кейінгі екі жылда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 1 қыркүйекте үндеу жасаған болатын.
Жаңа саяси маусым: Президент Жолдауы несімен маңызды?
Сарапшылардан Президенттің Жолдаудағы тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын және бұл құжаттың мемлекеттік аппарат үшін неге аса маңызды екенін сұраған едік.
Еске салайық, Президент 2023 жылы 1 қыркүйекте Жолдау жасаған болатын. Жолдауда маңызды мәселелер көтеріліп, бірнеше тапсырма берілді. Оның ішінде:
- Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды
- Көлік министрлігі қайта құрылды
- Ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтерілді
- Ірі кәсіпорындарға 5 жыл сайын аудит жасалатыны айтылды
- "Келешек" ерікті жинақтау жүйесі пайда болатыны айтылды
- Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдады
- Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілетіні айтылды
- Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылатыны айтылды
- АЭС салу референдум арқылы шешілетіні айтылды
- 2024 жылы ұлттық төлем жүйесін толық енгізу тапсырылды
- "Отбасы банктің" қызметін қайта қарау тапсырылды
- Қазақстанға шетелдік үш банк келетіні айтылды
- Су тапшылығы қашан сезілетіні айтылды
- Инвесторлар салықтан босатылатыны айтылды
- Туризм саласында нақты тапсырмалар берілді
- "Ұлттық қор - балаларға" жобасы қолға алынды
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә