- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқынының салдарын...
Су тасқынының салдарын жоюға 3 миллиард теңге бөлінді
Бүгінде әкімдіктер су тасқынынан салдарын жоюға 3 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Төтенше жағдай министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында вице-министрге "Бұған дейін Төтенше жағдай министрлігі су тасқынын ескертуге және оның салдарын жоюға 7 млрд теңге бөлінгені хабарланды. Бұл қаржы қалай жұмсалды?" деп сұрағын нақтылады.
Бауыржан Сыздықов бұл қаржы әкімдіктерге тиесілі екенін атап өтті.
"Жалпы 7 млрд теңгеден аса қаражат бөлінбеген, қаржы тек қарастырылған. Мұны сіз дұрыс түсінуіңіз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы биліктің бюджетінде қарастырылған. Бүгінде әкімдіктердің мәліметінше, су тасқының алдын алуға және оған қарсы күресуге 3 млрд теңгеден аса қаржысы бөлінген", - деді министрдің орынбасары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz