Су тасқынында Атырауға қапшық тасыған дағыстандық азаматқа Қазақстаннан бір бума доллар келген

Дағыстандық белсенді Омарасхаб Ахмедов Қазақстаннан тосын гуманитарлық көмек алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 сәуірде оған сәлемдеме келгені хабарланған. Ол әлеуметтік желіде видео жариялап, сәлемдеме ішінен доллар шыққанын көрсетті. Сондай-ақ, белсенді бұл туралы өзіне ешкім хабарласпағанын, жазбағанын, жай ғана осылай жібергенін айтты. Омарасхаб Ахмедов қазақстандықтарға алғыс білдірді.

Айта кетейік, кейінгі күндері Дағыстанда су тасқыны болып жатыр. Наурыздың аяғында нөсер жауыннан кейін бөгет бұзылып, үйлерді су басты. Мыңдаған адам эвакуацияланып, бірнеше аудандағы шаруашылықтарға зиян келді.

Еске салайық, Омарасхаб Ахмедов - 2024 жылы су тасқыны кезінде Атырауға қап әкеліп, қол ұшын созған Дағыстан азаматы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!