Қазақстандықтар Президент су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер салуға 22 миллион теңге төлеуді тапсырды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Су тасқынынан зардап шеккендерге 22 миллион теңгеден төленетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ел Үкіметі су тасқыны салдарынан қираған әрбір үйдің құрылысына 22 миллион теңгеден жұмсауды жоспарлап отыр. Мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатқан эскиздік жобаға сәйкес, бұл - ауданы 80 шаршы метр болатын бір тұрғын үйдің құны. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға тұрғын үй салу үшін бөлінеді", - деді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева.
Бұған дейін Желіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы ақпарат тараған болатын. Ведомство өзінің ресми порталында бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Төлемдер жергілікті әкімдіктерден төленеді. Әрбір өңірде төлем мөлшері келтірілген материалдық залалды бағалаумен айналысатын арнайы комиссиялармен белгіленеді.
Заңгер Надежда Гельдт өтемақы алу үшін не істеу керегін айтты.
Заңгер "Азаматтық қорғау туралы" заңға сәйкес (58-бап) физикалық тұлғалар төмендегі себептерге байланысты залалды өтеуді талап етуге құқылы екенін айтты:
Ал мына нәрселер өтелінбейді:
Зардап шегуші мүліктің иесі. Егер жәбірленуші жеке өзі өтініш бере алмаса, туыстары немесе басқа адамдар сенімхатпен келе алады.
Заң бойынша нақты үлгі қарастырылмаған. Қазақстандықтар оны еркін түрде жаза алады:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!