- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Испания
Су тасқынынан зардап шеккендер Испания короліне балшық лақтырды
Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа барған Испания королі мен патшайымына тұрғындар шабуыл жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы видео Euronews арнасында жарияланды.
Оқиға Испания королі Филипп VI, оның жұбайы Летиция және үкімет өкілдері су тасқынынан ең көп зардап шеккен аймақтың бірі Валенсиядағы Пайпорта қаласына барған кезде орын алған.
Олар қала маңын аралап жүргенде, ашулы жұрт құрметті қонақтарға балағат сөздер айтып, балшық лақтыра бастады. Жергілікті халық: "Кісі өлтіруші! Қаладан кет!" деп айқайлады. Адамдарды тоқтату үшін полиция келген.
ABC арнасының хабарлауынша, халықтың наразылығына, әсіресе монарх пен премьер-министр Педро Санчестің сапары алдында қалаға әскер келіп, су ағынынан қалған кірді шұғыл тазалауға кірісуі себеп болған.
Король жиналған халықты тыныштандыруға тырысып, олардың жағдайын түсінгенін және үнемі халықпен бірге екенін айтты. Су тасқыны кезінде отбасынан айырылғанын айтып, жылаған қала тұрғынын құшақтап, жұбатты.
Еске салайық, Испанияда су тасқынына байланысты үш күндік аза тұту жарияланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева