Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер су тасқынынан зардап шеккен оқушылар грантқа қай күндері тапсыра алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.
Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!