- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқынынан зардап...
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар салықтан босатылады
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың міндетті салықтардан босатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ашық НҚА" Мемлекеттік кірістер комитетінің "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" бұйрығы жарияланды.
Мұнда су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енген салық төлеушілер 2024 жылы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін салық төлеуден босатылатыны жазылған. 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылмақ.
Одан бөлек, салыққа байланысты өсімпұл да 1 наурыздан бастап шілдеге дейін есептелмейді.
"Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын. Орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылсын", – делінген бұйрықта.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Ордабаев