Су тасқынынан зардап шеккен 62 мыңға жуық адам үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 17:00-дегі ақпарат:
Республика бойынша 61 862 адам өз үйлеріне оралды. 5 339 адам эвакуациялау пункттерінде.
25 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!