Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Қазақстанда су тасқынынан кейін қоқыс жиналмаса, топалақ ауруы тарап, экологиялық апат болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол депутаттық сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады.
"Биылғы су тасқынының беті қатты болды. Оны көз көрді. Мен тазалық мәселесін де көтергім келеді. Себебі, елге тасқынмен бірге енді топалаң келеді. Өйткені, қарғын судан қорғану үшін мыңдаған қап пен пакеттен бөгет тұрғыздық. Полиэтилен кленкаларды пайдаландық. Енді су кеткен соң осы кенеп қаптарды түгін қалдырмай, түгел жинап алмасақ, экологиялық апатқа тап боламыз. Сай-саладан келген су қаншама күл-қоқыс, қалдық, аң-құс пен малдың өлекселерін ағызып әкетті. Осы жемтіктерді залалсыздандырмасақ, топалаң құрғыр түрлі дерт пен ауруды таратуы мүмкін", - деді Мақсат Толықбай.
Депутат қазір елімізде "Таза Қазақстан" тазалық айлығы өтіп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, жеріміздегі тазалыққа әрбір азамат жауапты.
"Тазалыққа жауапты мекемелердің жұмысынан бөлек, тұрғындар көрінген жерге қоқыс тастап, көшелер мен аулаларды ластап кете беретін болса, нәтиже болмайды. Мына Алматының іргесінде Алтын Орда деген базар бар. Барсаңыз енді күл-қоқыс, шаң-тозаң, құрт-құмырысқадан көзі жылтырайды. Алатаудың баурайындағы әсем қала Алматы осы ма деп кейде еріксіз кейисің", - деді ол.
Мақсат Толықбай кейбір қазақстандықтардың экологиялың мәдениеті төмен екенін ашық айтты.
"Терезені ашып темекіні лақтыра саламыз, түкіре саламыз, стадион, кинотеатрға баорсақ та, ішкен жегеніміз сол жерде қалады. Көкке шықсақ та сол. Ұлттық парктердің бәрі қоқыс. Одан қалса, үйдегі қоқысты сасытып, подъезге шығара салатын надандар бар. Сол үшін сананы өзгертуіміз керек. Тазалықты кәдімгі құндылық, тіпті, тәртіп ретінде дәріптеуіміз керек", - деді депутат.
Ол Үкіметке төмендегі ұсыныстарды жолдады:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!