- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқынынан бүлінген...
Су тасқынынан бүлінген қора-қопсы қалпына келтірілмейді - министр
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқыны салдарынан бүлінген қора-қопсы мемлекет қаржысы есебінен қалпына келтірілмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір тасқыннан зардап шеккендерге 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) өтемақы берілді. Бірақ ауланы, қораларды және тағы басқасын қайта тұрғызбаймыз. Себебі басты мақсатымыз - халықты баспанамен қамтамасыз ету", - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің отырысынан соң.
Оның пікірінше, бюджет қаржысы орынды жұмсалуы керек.
"Уақытша құрылыстарды қайта тұрғызудың керегі бар ма, жоқ па? Біздің пікірімізше, ең алдымен халықты баспанамен қамтамасыз ету керек. Сондықтан басқасын қайта тұрғызбаймыз. Оны түсіну керек. Себебі, көп адам (су тасқыны салдарынан) үйсіз қалды. Менің ойымша, біздің аз ресурсты қораға, басқа мәселеге жұмсауға болмайды", - деді министр.
Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі жаңа үйлерді салуға бөлінетін 22 миллион теңге ешкімнің қолына берілмейтінін айтқан еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен