Су тасқынына дайындық: ТЖМ әрекетке көшті

Министрлік 2025 жылғы су тасқынына қарсы барлық өңірдің дайындығын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, бұл бағытта жоспарланған іс-шаралардың жалпы саны - 1258, оның ішінде 923-і немесе 73 пайызы орындалған.

"Қорғаныс бөгеттерін салу, нығайту, су бұру арналары мен арықтарды орнату, нөсер жүйесін салу, су өткізу құрылыстарын салу және ауыстыру, басқа алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өңірлерде 275,1 шақырым қорғаныс бөгеттері тұрғызылған, кейбіреулері жөнделіп, нығайтылған.

"92,07 шақырым дренаж жүйелері жөнделді, кейбіреулері салынды, автомобиль және теміржолдардың астына 518,65 шақырым су өткізу құрылыстары орнатылды, кейбіреулері ауыстырылды, 194,67 шақырым каналдар мен 228,5 шақырым арықтар салынды. Өзен арналарының учаскелерінде 65,6 шақырым жағалауды нығайту, 182,75 шақырым түбін тереңдету, 111,7 шақырым түзету, 166,6 шақырым тазарту жұмыстары жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылы өңірлерде су тасқыны болып, халық баспанасы мен малынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін де ТЖМ су тасқыны қаупі бар аймақтарды тексеріп жатқаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!