- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқынына байланысты...
Су тасқынына байланысты тағы бір форум өткізілмейтін болды
Су тасқынына байланысты тағы бір форум өткізілмейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 25-26 сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты өткізілмейтіні және 2025 жылға ауыстырылатыны жайлы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды.
Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Министрлік іс-шараға танытқан қызығушылық үшін алғыс білдіреді және оның өтізілмеуіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Еске салайық, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдаған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.
Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина