- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқынына байланысты...
Су тасқынына байланысты жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосыла ма?
Бүгінде "Отбасы банкі" АҚ мен әкімдіктер су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа ипотекалық бағдарламаны әзірлеу мәселесін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатында "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова табиғи апат кезінде баспанасынан айырылған қазақстандықтар туралы мәлімет жиналып жатқанын атап өтті.
"Біз әкімдіктермен барлық статистиканы жинап жатырмыз. Осы азаматтардың арасында неше адам баспана кезегінде тұр? Жалпы біз "Нұрлы жер", "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауға жоспарымыз бар", - деді ол.
Сондай-ақ "Отбасы банк" АҚ басқарушы директоры Матай Жансұлтан жаңа ипотеканы іске қосуға болатытын, бірақ ол үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөліну керегін айтты.
"Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі яғни Атырау және Батыс Қазақсан облысындағы әкімдіктермен келіссөз жүріп жатыр. Облыстардың өз қаражаты есебінен өңірлік бағдарлама жасау арқылы сол адамдарды (тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарды) қолдау жағы қарастырылуда. Мысалы, облыс бюджетінен су тасқынынан зардап шеккен адамдарға жеңілдетілген ипотекаға ақша берілсе, біз оны реттеп, бағдарлама ретінде жеңіл шартпен несиелеуге дайынбыз. Бүгінде көліссөз жүріп жатыр", - деді орталық филиал директоры.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Есен