Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов су тасқынына байланысты тұрғындарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жағдай өте күрделі.
"Өздеріңізге белгілі Атырау өңірінде 5 өзен бар. Үшеуі Ақтөбе өңірінен бастау алса, екеуі Ресей Федерациясынан бастап ағады. Қазіргі таңда Ақтөбе өңірінен бастау алатын Сағыз, Ойыл өзендерден келетін қауіп сейілді. Жем өзенінің өз арнасынан шығып, кең көлемде жайылып, Құлсары қаласын қоршауға алып, соның салдарынан екі мөлтек ауданға су кірді. Нәтижесінде, 100-ге жуық тұрғын үйді, 5 обьектті су басты. Тұрғындарға айтарым, зардап шеккен тұрғындардың бәрінің шығыны өтелетін болады. Қазіргі таңда Жылой ауданының әкімдігімен комиссия құрылды. Су кеткеннен кейін олар өздерінің зардап шеккендер бойынша өз қорытындысын шығарады. Барлығына көмектесетін боламыз. Өңір тұрғындарына, Құлсары тұрғындарына, еріктілерге арнайы алғысымды білдіргім келеді. Алдымызда қауіп әлі де бар. Бәрін де еңсереміз, біз - біргеміз!", -деді Серік Шапкенов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз