Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 55 мыңға жуық адам үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша, республика бойынша 54 389 адам өз үйлеріне оралды. 5281 адам, оның ішінде 2242 бала эвакуациялау пункттерінде.
5281 тұрғын үй мен 2242 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Жедел желі телефонына 2261 қоңырау түсті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз