Перудің оңтүстігіндегі Апуримак аймағында қатты жаңбыр жауып, кейін су тасқынынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "belta.by" сілтеме жасап.
Жергілікті Exitosa радиостанциясының мәліметінше, оқиға 1 наурызда таңертең болған, 6 адам отырған көлік Чумбао өзеніне аударылып кеткен, бұл кезде жауын-шашыннан кейін су деңгейі айтарлықтай көтерілген.
Ұлттық төтенше жағдайлар орталығы Чумбао өзенінің тасуына байланысты елдің оңтүстігіндегі Талавера ауданындағы үйлерге зиян келтіретінін жариялағаннан кейін жергілікті билік Каспичак ауданынан тұрғындарды эвакуациялады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Нәруыздың құрамына қандай элементтер кіреді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!