Су тасқыны: республикалық маңызы бар тасжолдардағы жағдай қандай?

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылғы 14 сәуірдегі сағат 11:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай, ШҚО) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4970 метр болатын су тасқыны болған.

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, ШҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 550 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 339 бірлік техника мен 723 адам жұмылдырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!