- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқыны: өңірлердегі...
Су тасқыны: өңірлердегі қазіргі ахуал қалай?
Фото:
Massaget.kz/Nurzhan Rysbekov
Су тасқынынан кейін 39932 адам үйіне оралды. Дегенмен 6546 адам эвакуациялау пункттерінде, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 7089 жеке тұрғын үй мен 2834 ауладан су сорылған.
"Су тасқыны бастағалы бері 13,3 миллион текше метрден аса еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 миллионнан аса қапшық және 1,5 миллион тоннадан аса инертті материал төселді", - деп жазылған хабарламада.
Жедел желі телефондарына 2256 қоңырау түскен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова