Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы су тасқынына байланысты тасжолдарды да су шайып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күн жылынып, қар еруі салдарынан сағат 12:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар тасжолдардағы (Атырау, СҚО, Қостанай) 7 учаскеде жалпы ұзындығы 3130 метр болатын су тасқыны тіркелген.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 тасжолда (ұзындығы 673 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 техника мен 357 адам жұмылдырылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!