- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқыны: өңірлерде...
Су тасқыны: өңірлерде апатқа қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлерде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 наурызда Қызылорда қаласы ТЖД 5 қызметкері мотопомпаның көмегімен Н.Назарбаев пен Р. Әбдірайымов көшелері қиылысында жиналған жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 40 м3 жаңбыр суы тартылды.
21 наурызда Марқакөл ауданының Жиделі ауылында қар еруі салдарынан ауылдың шетінде еріген су жиналған.
"Сағат 12:00-дегі жағдайы бойынша жергілікті маңызы бар автожолдың жол төсемі арқылы еріген су асып кеткен. ТЖД және ЖАО күштерінің 22 қызметкері және 8 техникасы елді мекеннен суды бұру бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Ақмола облысында да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 26689 метр 151 арық, автомобиль жолдарында 1943 су өткізу құрылыстары және теміржол жолдарында 364 су өткізу құрылыстары, сондай-ақ, 364 көпір тазартылған.
"25 мың текше метрден аса қар шығарылды. Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдары арықтарды қар мен мұздан тазарту жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
ШҚО Ұлан ауданы Казачье ауылында қар еруі салдарынан жеке тұрғын үйдің ауласына еріген су жиналған. ТЖД күшімен 120 текше метр тазарған, 20 қап төселген.
"4 жеке құрам, 1 техника және 1 мотопомпа жұмылдырылды. Жағдай тұрақты, мониторинг жалғасып жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова