- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқыны: Қызылорда...
Су тасқыны: Қызылорда тұрғындары 125 тонна гуманитарлық көмек жинады
Қызылорда тұрғындары Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 125 тонна гуманитарлық көмек жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су тасқынында зардап шеккендерге көмек жинауға 12 пункт ашылған. Жалпы 125 тонна жиналды, оның 30 тоннасы - көкөніс өнімі, 53 600 келісі - күріш, 15 870 келісі - ұн, 7 тонна өсімдік майы, 1 тонна және 630 келі ас тұзы және 14 тонна макарон өнімі. Одан бөлек, бірінші қажеттілік заттары жиналды.
Осыған дейін Қарағанды облысында жаңа баспана салу үшін зардап шеккен үйлерді бұзу жұмыстарының басталғаны хабарланған болатын. Бұзылған әр үйдің орнына ауданы тура сондай шаршы метр болатын баспана салынады. Ал егер үйге зақым аз келсе, онда оның егесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдық көмек көрсетіледі.
сурет: tn.kz
Н. Айдархан