Қостанай облысында су тасқынынан зардап шекккен 303 үй қалпына келтіруге жарамайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Жалпы аймақта 672 үйді су басқан. 9226 тұрғын құтқарылды. 1114 тұрғын үйді тексеруге өтініш түскен. Бағалау комиссиясы 864 тұрғын үйге тексеріс жүргізді. 303 үй қалпына келтіруге келмейді.
Облыс бойынша 1720 адам 635 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды.
Су тасқынына қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алу үшін қоғамдық штабқа хабарласуға болады:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!