Табиғат апаттары айтып келмейді. Бірі қарапайым жаңбыр суынан, бірі қар көшкіні, бірі сел болып, бірі жер сілкінісі түрінде кездесуі мүмкін. Соңғы күндері еліміздің кей облыстарында су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар жарияланды. Осыған орай, су тасқыны кезінде қандай сақтық шараларын жасау керегін ұсынамыз.
Еске салайық, Батыс Қазақстан облысында қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның көп түсуі нәтижесінде тұрғын үйлердің ішіне су кірді. Ақтөбе облысының үш ауданында су тасқынына байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Абай облысындағы Аягөз және Ақсауат аудандарында да жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
Жалпы сел және су тасқыны кезінде қандай сақтық шараларын жасау керек?
Су тасқыны – таулы өңірлерде, сай-салаларда жаңбыр суы мен қаң суынан жиналып пайда болатын көлемі үлкен су. Оның жылдамдығы соншалық, жолындағы ауыр тас пен үйлерді қиратып кете алады.
Су тасқыны кезінде мына ережелерді сақтаңыз:
Сел кеткеннен кейін қайта жиналудан, құлама сырғымалардан, үзілген жəне салбырап қалған электр сымдарынан, газ магистралдарынан сақтану керек;
Қауіпсіз қозғалыс маршрутын және сел кезінде жиналу пункттерін әрдайым білу керек - оларды тұрғылықты жері бойынша аудандық ТЖ бөлімдерінен және ПИК, МИБ-тен анықтауға болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның 9 облысында ескерту жарияланды