- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқыны кезінде...
Су тасқыны кезінде баспанасынан айрылған петропавлдықтар жаңа пәтер таңдай алады
Су тасқынынан зардап шеккен Петропавл тұрғындары жаңа баспана іздей беруіне болады, оны сатып алуға мемлекет көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" сілтеме жасап.
Жалпы мәлімет бойынша, қалада 2000-ға жуық үй зардап шеккен. Мамандар бұл үйлерге кіру мүмкін болған кезде залалды бағалауға кіріседі. Бірақ қазірдің өзінде сарапшылар өмір сүруге жарамсыз үйлерді анықтап жатыр. Подгора және Косогор шағын аудандарында тек бір тәулікте осындай 12 ғимарат табылды.
Олардың иелеріне қала әкімі мемлекет есебінен сатып алатын пәтерлерді алдын ала іздеуді ұсынды. Жаңа баспанаға мұқтаж адамдардың нақты саны әлі белгісіз.
"18 пәтеге тұрғын үй қоры дайындалды: 8 екі бөлмелі, 10 үш бөлмелі. 197 пәтерден тұратын ортақтастық құрылды: 67 бір бөлмелі, 103 екі бөлмелі және 27 үш бөлмелі – коммерциялық тұрғын үй. Құрылыс салушылармен тиісті меморандумдар жасалды. Қала риэлторларымен мәселе пысықталды, 204 пәтер бар", – деді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.
СҚО әкімдігінің мәліметінше, қала әкімі "Қазақстан халқына" қорымен Петропавлдағы Солнечный-2 шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 тұрғын үй салу туралы Меморандумға қол қойды.
"Солнечный-2 шағын ауданында қысқа мерзімде үйлер салу үшін дайын инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар", - деді СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә