Су тасқыны кезінде 12 миллиард текше метрден аса су жиналды - министр

Су тасқыны кезінде 12 миллиард текше метрден аса су жиналды - министр
Фото: Massaget.kz/Нұржан Рысбеков

Су тасқыны кезінде су қоймаларында 12 миллиард текше метрден аса су жиналды. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл су экономика салаларының қажеттілігі үшін пайдаланылатыны белгілі болды.

"Бұл тасқын суларды соңғы жылдары су тапшы болған су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді", – деді Нұржан Нұржігітов.

Министрліктің мәліметінше, бір Астана су қоймасын тасқын сулармен толтыру 2 млрд теңгеден аса үнемдеуге мүмкіндік берді, өйткені оны Қ.Сәтбаев каналы арқылы қосымша толтыру қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су құйылды. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су келді.

Биылғы қыркүйек айының басындағы жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығының қажеттілігіне – 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпке – 3,7 млрд м3 пайдаланылды.

Қазір Қазақстанның Солтүстік, Орталық, Шығыс және батыс өңірлерінің су қоймалары 80 пайызға толған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова