Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқыны жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр.
Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерінде су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, еріген қар суын сору, қапшықтарды инертті материалдармен толтырып, төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағалауды нығайту жұмыстары, адамдарды құлақтандырып, қауіпсіз орындарға эвакуациялау жалғасып жатқаны айтылды.
Су тасқыны басталғалы бері Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында 3702 жеке тұрғын үй, 562 аула аумағы, 1822 саяжай үйі және әртүрлі мақсаттағы 73 ғимарат, сондай-ақ 155 автожолды су басқан.
"ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 7,4 миллион м3 астам еріген қар суы сорылды, 969 мыңнан астам қапшық және 976 мың тонна инертті материал толтырылып төселді. 72 284 адам, оның ішінде 17 217 бала құтқарылып, эвакуацияланды, уақытша орналастыру пункттерінде 14 430 адам, оның ішінде 7 216 бала жеткізілді, 68 932 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. "Жедел желі" телефондарына 1009 қоңырау келіп түсті. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұл ретте мемлекеттік авиация әуе кемелерімен 2 607 адам, оның ішінде 760 бала (ҚР ТЖМ борттарымен - 158, оның ішінде 26 бала, ҚР ҚМ - 2121 адам, оның ішінде 618 бала; ҚР ҰК борттарымен - 325 адам, оның ішінде 111 бала, ҚР ҰҚК АК - 3 адам) эвакуацияланды, 96 335 келі гуманитарлық көмек жеткізілгені айтылды.
Автожолдардың 88 шайылуы, оның ішінде 4 көпір және 83 жол төсемі бақылауда. 61 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр.
Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданы Ұзынкөл ауылынан 7 шақырым жерде Ұзынкөл су қоймасындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр. Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейінің көтерілуі сақталған. Орал өзеніндегі Ириклин су қоймасынан су ағызу 2170 м3/сек. Росгидрометпен үнемі гидрологиялық мәліметтер алмасылады. Жазғы коттедждер су астында қалып отыр және Орал қаласының "Утюгный затон" саяжайын су басу қаупі бар. Жайық және Шаған өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне, су тасқыны қаупінің сақталуына және саяжай алаптарының су басуына байланысты 6, 7 сәуірде теле және радио хабарларын тарату жүйесі қармалды.
Қостанай облысында қардың көп еруіне және даладан еріген қар суының ағып келуіне байланысты Қарасу ауданы Қарамырза ауылына мониторинг жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Тобыл қаласы мен Алтынсарин ауылынан эвакуациялау жүргізіліп жатыр.
Қостанай, Тобыл, тұрғын алаптары, СОО, демалыс базалары және т. б. аудандарындағы іргелес аумақтар су басуға бейім.
"Ақмола облысында Целиноград ауданының Тасты ауылына мониторинг жүргізілуде, ауылдың сыртындағы жасанды траншеяны су басу қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша қаласының мониторингі жүргізіліп жатыр, Шағалалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан елді мекенді су басу қаупі бар. Тайынша ауданының Красная Поляна ауылында егістіктерден еріген қар суы мөлшерінің ұлғаюына байланысты аула аумақтарын су басу қаупі бар. Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ғ. Мүсірепов ауданындағы Достық ауылында ауылды су басу қаупі бар. Сергеев су қоймасында жота арқылы су басу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Ұзынжар ауылында Есіл өзененің су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 4 аула аумағын су басты".
Атырау облысында Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Жем өзенінің деңгейінің жоғарылауына байланысты Құлсары қаласының 2 810 үйін су басқан.
"Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау бойынша іс-шара барысында Төтенше жағдайлар департаменті 6 сәуірде Жылыой ауданында қала тұрғындарын хабардар ету үшін бес рет сиреналық-сөйлеу құрылғысын іске қосты. Сонымен қатар, қала тұрғындарын хабардар ету үшін сигналды-дауыс зорайтқыш құрылғылармен жабдықталған жеті бірлік полиция техникасы жұмылдырылды".
Қарағанды облысында Шет ауданының Ақшатау а/о-де "Таңатбай" бөгеті бөгенінің денесінде дренаж фактісі анықталды. Қарасай өзенінің арнасы бойындағы бөгеттен 14 км төмен орналасқан Жарылғап батыр ауылының 65 үйінен 66 адам, оның ішінде 28 бала эвакуацияланды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰГ, ҰҚК және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан 13620-дан астам адам және 1265 бірлік техника, 386 су айдау құралдары мен 83 жүзу құралдары және 7 әуе кемесі жұмылдырылғаны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!